Футзалдан Әлем Чемпионаты – 2020: Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Футзалдан Әлем Чемпионаты – 2020: Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

12 желтоқсан, 21:28
Футзалдан 2020 жылғы Әлем Чемпионатының алдын-ала және негізгі іріктеу кезеңдерінің жеребесі тартылды. Алғашқы ойындар 2019 жылдың қаңтарында өтеді.

Қазақстан құрамасы турнирдің негізгі іріктеу кезеңінен бастайды. Ойындар 2019 жылдың 22-27 қазанына жоспарланған. Қазақстан құрамасы бесінші топқа түсті. Қарсыластары – Румыния, «G» тобының жеңімпазы (Нидерланд, Черногория, Болгария, Эстония), «C» тобының екінші командасы (Македония, Албания, Грекия, Сан-Марино). Біздің топтың ойындары Румынияда өтеді.

Турнир ережесіне сәйкес, алдын-ала іріктеу кезеңінде өз топтарында бірінші және екінші орын алған 16 команда мен рейтингі жоғары 16 команда негізгі іріктеу кезеңінде сынға түседі. Олар төрт командадан сегіз топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік ұжым элиталық кезеңге өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары