«Спорт менеджменті» мамандығы бойынша қайта дарялау курсы аяқталды

«Спорт менеджменті» мамандығы бойынша қайта дарялау курсы аяқталды

10 желтоқсан 2018, 17:38
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық университетінде 6-8 желтоқсан аралығында Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының ұйымдастыруымен «Спорт менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлау бағдарламасының соңғы модулі өтті.

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының өкілдері, Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының жетекшілеріне арналған үш модульден тұратын курстың алғашқы екі бөлігі қыркүйек және қазан айларында өткен болатын.

Тыңдаушыларға дәріс оқығандардың қатарында «Синергия» университетінің (Ресей) спорт менеджменті орталығының директоры Валерий Гореликов, «Локомотив» (мәскеу, Ресей) ФК Атқарушы директоры Алексей Киричек және Жағажай футбол лигасының ұймдастыру комитетінің бас директоры Андрей Симонов болды.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, арнайы сертификаттарға ие болды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары