Қазақстан U-17 қарсыластары - Германия, Әзірбайжан және Грекия

Қазақстан U-17 қарсыластары - Германия, Әзірбайжан және Грекия

06 желтоқсан 2018, 16:08
Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2019/2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Германия, Әзірбайжан және Грекия құрамаларымен бір топқа түсті. Ойындар 2019 жылдың 13-19 қараша аралығында Грекияда өтеді. Турнир ережесіне сәйкес, әр топтың екі мықты командасы мен үшінші орын алған ұжымдардың ішіндегі төрт үздік құрама элиталық кезеңге өтеді. Бұл кезеңінің ойындары 2020 жылдың наурыз айына жоспарланған. Финалдық кезеңді 2020 жылы Эстония қабылдайды. 

 

 

Бөлісу
Жоғары