Ран Бен-Шимон: «Біздің топта оңай ойын болмайды»

Ран Бен-Шимон: «Біздің топта оңай ойын болмайды»

03 желтоқсан 2018, 11:04
Кипр құрамасының бас бапкері Ран Бен-Шимон Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесін қорытындылады:

- Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі аяқталды. Біздің топ туралы не ойлайсыз?

- Әр топтағы ойын қиын. Үлкен командалардың үлкен мақсаттары бар. Ал, кішкентай командалардың арманы болады. Сол арманның орындалғанын қалаймыз. Қазақстан мен «Астана» футбол клубының соңғы жылдардағы ойындарынан хабардармын. Бапкер Станимир Стоилов туралы білемін. Біздің топта оңай ойын болмайды. Астана – керемет  қала. Ойынды асыға күтеміз.

- Біздің топтың үздіктері Бельгия, Ресей және Шотландия құрамалары ма?  

- Бұл сұраққа футболды сараптайтын арнайы мамандар жауап береді деп ойлаймын. Біздің құрама әр ойынға жүз пайыз дайындықпен шығады. Топтың көшбасшысын турнир кестесінен қарауға болады. Алайда, футболда күтпеген нәтижелер жиі тіркеледі.  

Бөлісу
Жоғары