Дмитрий Шомко: «Салмақты қарсыластар түсті»

Дмитрий Шомко: «Салмақты қарсыластар түсті»

02 желтоқсан 2018, 21:50
Қазақстан құрамасының капитаны Дмитрий Шомко Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне тартылған жеребені қорытындылады:

- Жеребенің қорытындысы жақсы. Салмақты қарсыластар түсті. Мен үшін біздің топ қызығырақ. Әр қарсыластан көптеу ұпай қалу қажет деп санаймын. Ұлттық құрама Қазақстанның намысын Еуропада абыроймен қорғауға дайын.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы «I» тобына түсіп,  Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр  және Сан-Марино құрамаларымен ойнайтын болды.

Бөлісу
Жоғары