Станислав Черчесов: «Стоилов - білікті бапкер, сол себепті Қазақстан жақсы ойнай алады»

Станислав Черчесов: «Стоилов - білікті бапкер, сол себепті Қазақстан жақсы ойнай алады»

02 желтоқсан 2018, 20:50
Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында іріктеу тобының деңгейіне баға берді:

- Станислав Саламович, біздің топ туралы не ойлайсыз?

- Тең дәрежедегі қарсыластар түсті. Олардың арасында Бельгияның ерекшеленетіні айқын. Барлық команданы мұқият зерттеу керек, өйткені соңғы жылдары жолымыз түйіспеді. Әрине, Бельгиядан басқасын.

- Біздің топта күтпеген нәтиже көрсете алатын команда бар ма?

- Бізді тосынсыйлар қызықтырмайды. Өйткені, барлығына дайын болу шарт.

- Қазақ футболы туралы не білесіз?

- «Астана» командасы соңғы жылдары еуропалық деңгейде жақсы ойнап жүр. Әсіресе, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне түскен сәтте ерекшеленді. «Қайраттан» барлығы хабардар, әрине. Бірнеше футболшыны білемін. Сонымен қатар, ұлттық құраманы Станимир Стоилов жаттықтырады. Стоилов - білікті бапкер, сол себепті Қазақстан жақсы ойнай алады.

 

Бөлісу
Жоғары