Футбол алаңына жауапты мамандарға арналған семинар аяқталды

Футбол алаңына жауапты мамандарға арналған семинар аяқталды

27 қараша 2018, 18:01
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы 26-27 қараша күндері футбол алаңына жауапты отандық мамандарға арналған семинар ұйымдастырды.

Мамандарды даярлау дәрісі Қазақстан футбол федерациясының «Алға, Qazaqstan! Вперед, футбол!» стратегиясы аясында жүзеге асты.

Семинарға Премьер-лига, Бірінші лига және Екінші лига командаларының агрономдары қатысты. 2012 жылғы Еуропа Чемпионатының финалдық ойындарында, УЕФа Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде футбол алаңдарын дайындау тәжірибесі бар Виктор Яроменко қатысушыларға дәріс оқыды.

Теориялық сабақ Талғардағы ұлттық құрама командаларының базасында өтті. Ал, тәжірибелік дәріс «Қайрат» футбол клубының оқу-жаттығу базасында жүргізілді.

Бөлісу
Жоғары