Ғафуржан Сүйімбаев: «Мақсатымыз кем дегенде үшінші орын алу»

Ғафуржан Сүйімбаев: «Мақсатымыз кем дегенде үшінші орын алу»

02 желтоқсан 2018, 21:13
Қазақстан құрамасының ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне тартылған жеребені қорытындылады:

- Жеребе жолдас болды деп ойлаймын. Оның қорытындысы бойынша біздің топтың ең үздігі Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бельгия құрамасы. Екінші - Ресей. Шотландия және Кипр құрамаларымен тең ойнауға болады деп есептеймін. Мақсатымыз кем дегенде үшінші орын алу. Жоғары деңгейде футбол көрсетуге ұмтыламыз. Жақсы құрамалармен ойнау мүмкіндігін толық пайдалану қажет.

 

Бөлісу
Жоғары