Роберто Мартинес: «Қазақстанға алыс сапар күтіп тұр»

Роберто Мартинес: «Қазақстанға алыс сапар күтіп тұр»

03 желтоқсан, 10:47
Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесін қорытындылады:

- Топтың анықталғанына қуаныштымын. Алты командадан тұратын топқа түстік. Қазақстанға алыс сапар күтіп тұр. Сан-Марино жақынырақ. Ресей құрамасы керемет Әлем Чемпионатын өткізіп, Испаниямен жақсы ойнады. Шотландиямен ойын қызық болмақ. Олар УЕФА Ұлттар Лигасының тобында жеңіске жетті. Жанкүйерлер үшін барлық ойын қызықты болады деп үміттенемін. Оңай қарсылас жоқ. Әрбір команда Ұлттар Лигасында дайындықтарын пысықтады. Бельгия әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Алайда, Швейцариямен ойыннан сабақ шығару қажет.

Бөлісу
Жоғары