Алексей Щеткин: «Шотландия мен Кипр құрамалары шымыр қарсыластар»

Алексей Щеткин: «Шотландия мен Кипр құрамалары шымыр қарсыластар»

02 желтоқсан, 22:14
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне тартылған жеребені қорытындылады:

- Бізге қиын топ түсті деп санаймын. Бельгия құрамасы Ресей жерінде өткен дүние жүзінің дүбірлі додасының қорытындысы бойынша үздік үштікке енеді. Ресей құрамасы да соңғы жылдары үздіктердің қатарында екенін дәлелдеді. Шотландия мен Кипр құрамалары шымыр қарсыластар. Әр ойында жеңіс үшін алаңға шығамыз. Өз ұпайымызды бостан босқа бермейміз.

 

Бөлісу
Жоғары