Алекс Маклиш: «Алда тартысқа толы ойындар күтіп тұр»

Алекс Маклиш: «Алда тартысқа толы ойындар күтіп тұр»

03 желтоқсан, 12:49
Шотландия құрамасының бас бапкері Алекс Маклиш Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесін қорытындылады:

- Жеребе қорытындысы туралы ойыңыз қандай?

- Ұзақ сапарлар, тартысқа толы ойындар күтіп тұр. Әсіресе, Бельгия құрамасына қарсы. Ойындардың арасында демалатын уақыт болады деп ойлаймын. Топтағы қарсыластар мықты. Босаңсуға болмайды.

- Еуропа Чемпионатына жолдама алу үшін Ұлттар Лигасын екінші мүмкіндік ретінде қарастырмайтыныңыз туралы айтылып жүр. Топтағы қарсыластар белгілі.

- Биыл Әлем Чемпионатына қатысқан командалармен ойыннан кейін шабыттана түскеніміз рас. Олар Албания және Ирландия құрамалары. Бельгия бірінші орынмен шығып тұр деуге болады. Қалған құрамалар екінші орынға таласады. Бельгия алдымен Ресейге барады, кейін Глазгоға келеді. Әр ойын сайын тартыс арта түспек.

- Халықаралық турнир аясында бұрын-соңды кездеспеген командалар бар. Қазақстан туралы не айта аласыз?

- Футбол болғандықтан әлемді шарлаймыз. Қазақстан туралы белгілі. Олардың клубы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне күресті. Әр құраманың өз қиындығы бар. Жеребенің қорытындысы қанағатттандырады.

Бөлісу
Жоғары