Венгрия мен Словения жастар арасындағы 2021 жылғы Еуропа Чемпионатын қабылдайды

Венгрия мен Словения жастар арасындағы 2021 жылғы Еуропа Чемпионатын қабылдайды

04 желтоқсан 2018, 10:03
Бұл шешімді Дублинде өткен УЕФА-ның Атқару комитеті қабылдады. 

Финалдық кезеңге 12 команда қатысады. Алаң иелері тікелей жолдама алады. Ал, қалған он үміткер іріктеу кезеңі және өтпелі ойындар арқылы анықталады. Бұл форматтағы Еуропа чемпионаты алғаш рет 2017 жылы Польшада ұйымдастырылған еді. 2019 жылы Италия мен Сан-Марино қабылдайды. Ал, 2000-2017 жылдар аралығында финалдық кезеңде сегіз команда ойнады. 

Бөлісу
Жоғары