Солтүстік Қазақстан облысында футзалдан аймақтық турнир өтті

Солтүстік Қазақстан облысында футзалдан аймақтық турнир өтті

25 желтоқсан, 15:26
Тәуелсіздік күніне арналған дода мәресіне жетті.

Жарыс ардагерлер және балалар арасында ұйымдастырылған болатын. Ардагерлер арасында 8 команда сынға түсті. Оның бесеуі Петропавл қаласынан, қалғаны - Тайыншы ауданы, Көкшетау және Астана қалалары. Бұл турнирде жергілікті «Авангард» топ жарды. Екінші орында қызылжарлықтарға бұйырды. «Каскад» футболшылары күміс жүлдені иеленді. Астанадан келген ұжым үшінші орыннан көрінді.

Балалар арасындағы жарысқа 2010-2011 жылғы жасөспірімдер қатысты. Петропавл, Астана және Бурабайдан бес команда жиналды. Жергілікті «Жеңіс» спорт мектебі жеңімпаз атанса, «Қызылжар» мен «Авангард» жүлделі орындарды бөлісті.

.

Бөлісу
Жоғары