Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы ойынын өткізді

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы ойынын өткізді

28 наурыз 2019, 09:37
Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Франциямен кездесті.

Ойын 7:3 есебімен қарсыластың жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасында Әлішер Сәрсенбаев екі гол соқса, Марк Ким бір рет көзге түсті.

 

Қазақстан U-19 - Франция U-19 - 3:7 (1:1)

Голдар: Сәрсенбаев 15, 36, Ким 25 - Дельберг 4, 26, Бетга 25, Туре 31, 38, Ламбер 39, Мелен 39

Ескерту: Көшербаев 20

Қазақстан U-19: Өмірзақов (Қ), Қуанышбек, Төлеубеков, Рахымтаев, Төлеутай, Көшербаев, Сағнаев, Ким, Сәрсенбаев, Пастарнак.

Франция U-19: Каррон (Қ), Алла, Мелен, Бетга, Туре, Перьян, Ламбер, Паскьер, Ньякате, Фюсс, Дельберг.

Бірінші төреші - Петар Радойчич (Сербия), екінші төреші - Игорь Пузович (Босния және Герцеговина), үшінші төреші - Марьян Младеновски (Македония).

27.03.2019. Kauppi Sports Center, Тампере, Финляндия.

 

Біздің топтағы екінші ойында Польша құрамасы Финляндиядан басым түсті - 3:1. Бүгін Қазақстан құрамасы Польшамен кездеседі. 

Бөлісу
Жоғары