Әділбек Жақсыбеков: «Қазақстан Кубогы – тамаша турнир»

Әділбек Жақсыбеков: «Қазақстан Кубогы – тамаша турнир»

10 сәуір 2019, 21:28
Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Кубогының 1/8 финалында өткен ойындардың қорытындысы бойынша көзқарасын білдірді.

- Еліміздің сегіз қаласында футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 айналымының ойындары өтті. Әр ойында өткен тартыс турнирдің мәртебесі жоғары екенін дәлелдей түседі. Жанкүйерлер ойынның соңына дейін жеңімпаздың кім екенін анықтай алмады. Ең басты сенсация Өскеменде тіркелді. Ел чемпионы «Астана» жарыс жолынан шығып қалды. «Алтай» футболшылары Шығыс Қазақстан облысына тамаша сыйлық жасады.

Екінші лигада ойнайтын Павлодар облысының «Ақсу» командасы жоғары деңгейде алғаш рет сынға түсті. Жергілікті жастар Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің қатысушысына қарсы лайықты қарсылық танытты.

Премьер-лигада ойнайтын «Қайсарға» шымкенттік «Оңтүстік» академиясының жастары сес көрсетті. «Ақтөбе» мен «Ертіс» арасындағы матч ең тартысты ойындардың бірі болды. Жанкүйерлер бұл ойында алты голды тамашалады.

Тараз, Ақтау және Нұр-Сұлтан қалаларындағы ойындарда жанкүйерлердің көңілінен шыққаны анық. Үлкен футбол аздаған үзілісте соң Көкшетауға қайта оралды.

Қазақстан Кубогы – әр аймақтың өкілдеріне жүлде үшін таласуға мүмкіндік беретін тамаша турнир. Ел кубогының ширек финалына шыққан командаларға сәттілік тілеймін!

 

Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары