Қазақстан қыздар құрамасының УЕФА Даму Кубогындағы нәтижелері

Қазақстан қыздар құрамасының УЕФА Даму Кубогындағы нәтижелері

13 мамыр 2019, 10:42
Беларусь астанасы Минскіде футболдан қыздар арасында УЕФА Даму Кубогы аяқталды.

Біздің команданың қарсыластары Әзірбайжан, Фарер аралдары және Беларусь құрамасы болды. Алғашқы ойында біздің қыздар алаң иелеріне 2:4 есебімен жол беріп, екінші кездесуде Фарер аралдарын 2:0 есебімен ұтты. Соңғы ойында Әзірбайжан құрамасымен 0:0 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында қарсыласқа есе жіберді.

УЕФА Даму Кубогының қорытындысы Қазақстан құрамасының қатарынан қорғаушы Алена Иванова үздік атанды. Ал, шабуылшы Жасмина Алмасқызы үш гол соғып, сұрмергендердің тізіміне енді. 

 

Қазақстан WU-17 құрамасының ойын нәтижелері:

Беларусь WU-17 - Қазақстан WU-17 - 4:2 (3:0)

Голдар: Анастасия Побегайло 23, 33, 40+1, Анна Сас 80+1 - Жасмина Алмасқызы 53, 76

 

Фарер аралдары WU-17 - Қазақстан WU-17 - 0:2 (0:1)

Голдар: Жасмина Алмасқызы 27, Бибігүл Хасенова 78

 

Қазақстан WU-17 - Әзірбайжан WU-17 - 0:0 (0:0) пенальти сериясы - 3:4

Пенальти сериясы: Алена Иванова (1:0), Семанур Арзик (1:1), Ольга Плотникова (1:1), Алина Нахмадова (1:2), Жасмина Алмасқызы (2:2), Нисрине Зериоул (2:3), Сабина Елубаева (3:3), Ламина Ализада (3:4), Камила Совет (3:4).

 


Қазақстан WU-17 құрамасының ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Әйгерім Түймебаева, Анастасия Хохлова;

Қорғаушылар: Ясмина Мұқашева, Ангелина Хабуева, Алена Иванова, Назмина Сағатова, Сабина Саматова, Айжан Абылғазиева, Камила Совет, Кристина Шустова, Айнұр Байсуфинова;

Жартылай қорғаушылар: Эльдана Әйтімбетова, Бибігүл Хасенова, Рамина Иманжанова, Перизат Серік, Лаура Рахметжан, Ольга Плотникова;

Шабуылшылар: Сабина Елубаева, Жасмина Алмасқызы, Адэля Абжан; 

Жаттықтырушылар штабы: Орынбасар Дәуренбекова - аға жаттықтырушы, Абдуваит Юлдашев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Мадина Шойкина - қақпашылардың жаттықтырушысы, Сәуле Қадырбаева - дәрігер, Айман Бейсенова - массажист, Анастасия Журавлева - менеджер, Талғат Нұрмұхамбетов - администратор.

Бөлісу
Жоғары