Босниялық төрешілер Бельгия - Қазақстан матчында қызмет атқарады

Босниялық төрешілер Бельгия - Қазақстан матчында қызмет атқарады

07 маусым, 16:23
Бельгия мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынға төрелік ететін қазылар белгілі болды.

Бас төреші болып Ирфан Пельто тағайындалды. Оның көмекшілері - Сенад Ибрисимбегович және Давор Бельж. Қосалқы төреші — Адмир Шехович. Барлық төреші Босния және Герцеговина елінен келген.

Қазақстан мен Бельгия құрамалары 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні Брюссельде ойнайды. Кездесу елорда уақытымен 00:45-те басталады.

 

 

 

Бөлісу
Жоғары