Жанкүйерлерге мың алғыс!

Жанкүйерлерге мың алғыс!

10 маусым 2019, 15:34
Қазақстан Ұлттық құрамасының сырт алаңда Бельгиямен өткізген ойынын мыңдаған жанкүйер теледидар алдында тамашалады. Алайда, Брюссельде де біздің футболшылар қолдаусыз қалмады.

Ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін Бельгия астанасына 400-ге тарта жанкүйер жиналды. Олардың арасында Бельгияда және көршілес елдерде тұратын қазақстандықтар болды.

Қазақстан футбол федерациясы барша жанкүйерлерге алғыс айтады. Ұлттық құрамаға әр жанкүйердің қолдауы маңызды. Сонымен қатар, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан ҚР Бельгиядағы елшілігіне ерекше ықыласымызды білдіреміз!

 

 

 

Бөлісу
Жоғары