Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны ірі есеппен ұтты

Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны ірі есеппен ұтты

11 маусым 2019, 23:59
2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы Сан-Марино футболшыларын қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы бірінші таймның соңында есеп ашты. Голдың авторы - Исламбек Қуат. Екінші таймда алаңға шыққан Максим Федин кездесудің 62-минутында есепті еселеді. Үшінші голды Ғафуржан Сүйімбаев соғып, кездесу нүктесін команда капитаны Бауыржан Исламхан қойды. Қорытынды есеп - 4:0.

Қазақстан – Сан-Марино – 4:0 (1:0)

Голдар: Исламбек Қуат 45+1, Максим Федин 62, Ғафуржан Сүйімбаев 65, Бауыржан Исламхан 79.

Бөлісу
Жоғары