Қазақстан жастар құрамасы ойынның соңғы минутында жеңісті жұлып алды

Қазақстан жастар құрамасы ойынның соңғы минутында жеңісті жұлып алды

12 маусым, 02:59
2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Черногориямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Біздің команда үшінші минутта өз қақпаларына гол жіберіп алды. Черногория сапынан көзге түскен Мерис Скендерович. Алайда, екінші таймда Қазақстан құрамасы қарқынды шабуылдап, жеңісті жұлып алды. Ойынның 62-минутында Еркебұлан Сейдахмет таразы басын теңестірсе, матчтың соңғы минутында Рамазан Кәрімов жеңіс голын соқты.

Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда екі ойын өткізіп, 6 ұпай жинады. 

 

Черногория U-21 - Қазақстан U-21 - 1:2 (1:0)

 

Голдар: Скендерович 3 - Сейдахмет 62, Кәрімов 90+4

Ескерту: Вучичевич 56 — Алип 56, Прокопенко 88

Черногория U-21: Царевич, Рашо (Мердович 37), Маркович, Баранович, Крстович Н., Вукотич, Крнич (Стиепович 63), Дринчич, Кордич (Миличкович 46), Скендерович (Секулич 74), Вучичевич

Қазақстан U-21: Сейсен, Сағнаев, Орынбасар, Адахаджиев, Наджарян, Сейдахмет (Прокопенко 85), Бахтияров (Бачек 60), Пайруз, Әліп, Өміртаев (Кәрімов 60), Тұрсынбай

Төрешілер: Круашвили, Варамишвили, Эликашвили, Кикашейшвили (баплығы - Грузия)

11.06.2019. Подгорица, стадион Градски.

Бөлісу
Жоғары