«Қайрат» пен «Аяттың» қарсыластары анықталды

«Қайрат» пен «Аяттың» қарсыластары анықталды

05 шілде 2019, 10:26
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2019/2020 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы «Қайрат» жарысты негізгі кезеңінен бастайды. Алматылық клуб Испанияның вице-чемпионы «Эль-Посо», Ресейдің күміс жүлдегері КПРФ және Венрияның чемпионы «Береттьоуйфалу» командаларымен төртінші топқа түсті. Ойындар Венгрияда өтеді. 

Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысатын Қазақстанның вице-чемпионы «Аят» та негізгі іріктеу кезеңінен бастайды. Рудныйлық ұжымның қарсыластары Испания чемпионы «Барселона», Ресей чемпионы «Тюмень» және ойындарды өза алаңында қабылдайтын литвалық «Витис».

Әр топтан үш команда элиталық кезеңге жолдама алады. Ойындар 2019 жылдың 8-13 қазан аралығында өтеді. 

 

 

Бөлісу
Жоғары