Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

25 шілде, 15:09
Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы 25 шілде күні жариялаған жаңа рейтингінде Қазақстан құрамасы екі сатыға жоғарылады.

Біздің құрама жаңартылған рейтингте 112 орынға жайғасты. 

Михал Билек баптайтын Қазақстан құрамасы маусым айында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында екі ойын өткізген болатын. Алғашқы ойында ФИФА рейтингінде көш бастап келе жатқан Бельгияға (0:3) есе жіберді. Екінші ойында Сан-Марино құрамасын қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. 

 

ФИФА рейтингі:

1. Бельгия - 1746

2. Бразилия - 1726

3. Франция - 1718

4. Англия - 1652

5. Уругвай - 1637

6. Португалия - 1631

7. Хорватия - 1625

8. Колумбия - 1622

9. Испания - 1617

10. Аргентина - 1610

...

46. Ресей – 1436

48. Шотландия - 1433

93. Кипр - 1258

112. Қазақстан - 1174

211. Сан-Марино - 839.

 

Қазақстан Ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі келесі ойындарын қыркүйек айында өткізеді. 6 қыркүйек күні сырт алаңда Кипр құрамасымен жолықса, 9 қыркүйек күні Ресеймен ойнайды. 

Бөлісу
Жоғары