Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарын бастады

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарын бастады

21 шілде, 22:15
Іріктеу ойындары Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатыр.

Жағажай футболынан 2019 жылғы Әлем чемпионатының еуропалық іріктеу турнирінің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Италиядан жеңіліп қалды - 2:5. Біздің құрамадан Игорь Дедешко мен Асқар Әжікенов гол соқты. 

Топтық кезеңнің екінші ойынында біздің команда Польшаға жол берді. Есеп  - 2:3. Игорь Дедешко мен Баянбек Муралинов біздің команданың сапында гол соқты. 


Италия — Қазақтан 5:2 (0:1, 2:1, 3:0) 

Голдар: Рамачиотти, Гори-2, Зурло, Кьяваро — Демешко, Ажикенов.

Ескерту: Гори (Италия).

19.07.2019. Мәскеу, Ресей.

 

Польша — Қазақстан 3:2 (1:0, 2:2, 0:0) 

Голдар: Позняк, Мадани-2 — Демешко, Муралинов.

Ескерту: Барань, Фришкемут (екеуі де - Польша).

20.07.2019. Мәскеу, Ресей.

 

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші ойынын 22 шілде күні Чехиямен өткізеді. 

Бөлісу
Жоғары