Қазақстандық рефери FIFA төрешілерінің бірінші тобына көтерілді

Қазақстандық рефери FIFA төрешілерінің бірінші тобына көтерілді

11 шілде, 12:57
2018-2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша УЕФА Төрешілер комитеті қазақстандық футбол төрешісі Эльвира Нұрмұстафинаға (Теміртау) бірінші категорияны табыс етті.

Алдағы еуропалық маусымда FIFA төрешілерінің бірінші тобында -17, ал «Elite» категориясында 16 төреші бар. 

Олардың барлығы Еуропа елдерінің клубтық және ұлттық жарыстарындағы әйелдер арасындағы кездесулерге тағайындалады. Біліктілігін арттырып, көзге көрінгендер әйелдер 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне үміткер ретінде іріктеледі. 

Эльвира Нұрмұстафина 2013 жылдан бастап, әйелдер арасында Еуропаның клубтық турнирлерінде қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап Бірінші лига арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің ойындарына қазылық ете бастады.

 

 

Бөлісу
Жоғары