«Арландар» Португалияда өткен халықаралық турнирде топ жарды

«Арландар» Португалияда өткен халықаралық турнирде топ жарды

11 шілде, 12:48
30 маусым мен 7 шілде аралығында Португалияда халықаралық «BRAGA CUP-2019» балалар турнирі өтті.

Турнирге жалпы саны 98 команда қатысып, олар жеті жас ерекшеліктері бойынға сынға түсті. Жарысқа қатысқандар арасында Португалия, Испания, Бразилия, Франция, Қазақстан және басқа елдердің де командалары бар. «Арландар»  командасы Қазақстан намысын U11 және U13 ерекшелігі бойынша қорғады. 

Біздің футболшыларға «Спортинг», «Бенфика» және «Гимарайнш» сынды танымал академиялардың түлектері қарсы тұрды. Алайда, «Арландар U13» командасы финалға дейін шығып, шешуші сында «São Roque» командасын 3:1 есебімен ұтты. Қазақстандықтар сапында Ұлан Нышан, Жолдасбек Манас және Нұржан Наматай гол соқты. 

Ал, «Арландардың» төменгі тобы өз категориясында 8-орыннан көрінді. 

Бөлісу
Жоғары