ҚФФ Бас хатшысы Қызылордаға барды

ҚФФ Бас хатшысы Қызылордаға барды

07 шілде, 11:30
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин  жұмыс сапарымен Қызылорда қаласына барыпғ қайта күрделі жөндеуден өткен Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионның ашылу рәсіміне қатысты. 

Стадиондағы футбол алаңына жаңа жасанды жамылғы төселіп, орындықтары ауыстырылған. Сонымен қатар, жанкүйерлерге арналған трибунаға шатыр орнатылып, жарық құрылғылары қойылды. Сонымен қатар, Айтқожин Қазақстан Премьер-лигасының 17-турындағы қызылордалық «Қайсар» мен қарағандылық «Шахтер» (2:2) арасындағы ойынды тамашалады. 

Бөлісу
Жоғары