Балалар мен жасөспірімдер футболы комитетінің отырысы өтті

Балалар мен жасөспірімдер футболы комитетінің отырысы өтті

18 шілде, 16:06
Бүгін, 18 шілде күні Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Балалар мен жасөспірімдер футболы комитетінің мүшелері бас қосты.

Жиынға Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Балалар мен жасөспірімдер футболы комитетінің төрағасы Берік Қаниев қатысты.

«Жас Қыран» лигасының вице-президенті Марат Әбділдабеков пен атқарушы директоры Болат Есмағамбетов Қазақстан футбол федерациясының аясында жаңа жобаны өткізуді ұсынды. Олар спорт мектептеріндегі футбол секциялары мен жеке футбол мектептері арасында  «Жас Қыран» лигасының жарыстарын өткізу идеясын ортаға салды.

Қазақстан футбол федерациясының Балалар және жасөспірімдер футболы департаментінің өкілдері жарысты ұйымдастыру жүйесін толық қамтамасыз ету, жарыс деңгейін көтеру және селекция жұмыстарын жүргізу мақсатында Бірінші және Екінші лига клубтарының жасөспірімдер және жастар командалары, сонымен қатар спорт мектептерінің футбол бөлімдерінің басын қосатын Қазақстан Чемпионатын ұйымдастыру жобасын жиналғандар алдында таныстырды.

Аталған жобалар 2019 жылдың 3 қыркүйегінде өтетін балалар және жасөспірімдер футболына арналған кеңейтілген жиында терең талқыланбақ.

Бөлісу
Жоғары