«Стандарт» - «Қазақстан футбол лигасы 8х8» турнирінің жеңімпазы

«Стандарт» - «Қазақстан футбол лигасы 8х8» турнирінің жеңімпазы

17 шілде 2019, 09:20
Турнирге Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысынан жалпы саны 16 команда қатысты.

Үшінші орын үшін таласта Түркістан облысының «Темірлан» командасы шымкенттік «Сигманы» 4:0 есебімен тас-талқанын шығарды.

Финалда Шымкент өңірінің қос ұжымы кездесті. «Стандарт» ойыншылары 6:2 есебімен «Шоқай» командасынан басым түсті. 

 

Жүлделі орындар:

1. «Стандарт», (Шымкент)

2. «Шоқай», (Шымкент)

3. «Темірлан», (Түркістан облысы)

 

Турнирдің үздік ойыншылары:

Үздік қақпашы - Искандар Муминов («Стандарт», Шымкент)

Үздік қорғаушы - Алмаз Асанов («Темирлан», Шымкент)

Үздік шабуылшы - Нұржан Кубанов («Сигма», Шымкент)

Үздік сұрмерген - Шердар Холмантаев («Шоқай», Шымкент)

Үздік ойыншы - Данияр Фаттахов («Арлан», Шымкент)

Бөлісу
Жоғары