Қазақстан футбол федерациясы Галина Полеваяны қолдау үшін қайырымдылық матчын өткізеді

Қазақстан футбол федерациясы Галина Полеваяны қолдау үшін қайырымдылық матчын өткізеді

17 шілде 2019, 16:54
Қазақстан футбол федерациясы қазақстандық спорт журналистикасының зергері Галина Полеваяны қолдау мақсатында қайырымдылық матчын өткізіп, республикалық қайырымдылық шараға атсалыспақ.

Қазақстан мен шетелге кең танымал беделді спорт шолушысы, КСРО спорт шебері Галина Полевая ауыр науқаспен күресіп жатыр. Оның қымбат тұратын емін төлеу үшін қаражат қажет. 

Галина Полеваяны қолдауға арналған қайырымдылық матчының қатысушылары қазақстандық журналистер, отандық футбол және басқа да спорт түрлерінің ардагерлері болмақ. 

Футбол ойыны 2019 жылдың 24 шілдесі сағат 12:00-де Қазақстан футбол федерациясының манежінде өтеді. Қатысушылар Галина Полеваяға қайырымдылық көрсете алады. 

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5а, Футбол үйі

ГАЛИНА, БІЗ СЕНІМЕН БІРГЕМІЗ!

Бөлісу
Жоғары