Елордада әуесқой командалар арасында республикалық турнир басталды

Елордада әуесқой командалар арасында республикалық турнир басталды

25 шілде 2019, 17:24
Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысты. Ойындар «SAIRAN Arena» спорт кешенінде өтеді.

Қатысушы командалар: «Динамо» (СҚО), «Орион» (Қызылорда), МАЭК (Ақтау), «Арқалық» (Арқалық), «Энергоколледж» (Алматы), «Қыран» (Атырау), «Өскемен» (ШҚО), «Омега» (Тараз), «Kaisar Plaza» (Алматы), НИТ АҚ (Нұр-Сұлтан), «Айжарық» (Түркістан облысы), Павлодар құрамасының облысы (Павлодар), «Сайран» (Нұр-Сұлтан), «Атриум» (Ақтау), ДоДо (Нұр-Сұлтан), «Есіл» (Нұр-Сұлтан), «Прогресс» (Қарағанды), «Transplast» (Алматы), ІІД (Нұр-Сұлтан) және  «Малай сары» (Алматы облысы).

Турнир кестесі:    

25-27 шілде — топтық ойындар;    

28 шілде — финалдық ойындар.

 

Ашылу рәсіміне ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қатысты. 

Турнир жеңімпазы 500 мың теңгеге ие болады. Сонымен қатар, 5-8 қыркүйек аралығында Словенияның Марибор қаласында өтетін турнирге жолдама алады. 

 

Бөлісу
Жоғары