Рәзия Нүркенова Сербиямен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

Рәзия Нүркенова Сербиямен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

29 тамыз 2019, 15:45
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Сербиямен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Тізімге 20 футболшы енді:

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Восход», Украина), Милана Бурдакова (СДЮСШОР №8);

Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (екеуі де - «Оқжетпес»), Екатерина Бабшук, Мария Демидова (екеуі де - «БИІК-Қазығұрт»), Тоғжан Бекпенбет (СДЮСШОР №8), Александра Бурова (ДЮСШ №7-БИІК);

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Согдиана», Өзбекстан), Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова (екеуі де - «БИІК-Қазығұрт»), Бегайым Қырғызбаева, Әселхан Тұрлыбекова (екеуі де - «Оқжетпес»), Әйгерім Айтымова, Ксения Хайрулина (екеуі де - СДЮСШОР №8);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазыгұрт»), Анастасия Власова («Оқжетпес»);

 

Айта кетейік, Қазақстан мен Сербия құрамалары арасындағы ойын 1 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионда өтеді. Кіру тегін!

 

Бөлісу
Жоғары