Кака: «Біздің ойыншылар жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетті» 

Кака: «Біздің ойыншылар жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетті» 

23 қыркүйек 2019, 09:40
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака «Каспий Кубогында» Иранмен өткен ойынға қатысты пікірін білдірді: 

- Біздің ойыншылар жауапкершіліктің жоғары деңгейін, ойынға деген ынта-жігерін және елге деген махабатын көрсетті. Оларға артық сөз айта алмаймын. Бүгін жаңа команданың болашағын байқадым. Екінші тайм толық шабуылдадық. Алайда, үзілістің алдында екі рет қателік жібердік. Мұндай қателіктер болмауы қажет. Әр футболшының деңгейін көтеру үшін жұмысты жалғастырамыз. Сол кезде жеңістер болады. 

Бөлісу
Жоғары