Фотис Популис: «Қазақстанда ойнау кез келген команда үшін қиын»

Фотис Популис: «Қазақстанда ойнау кез келген команда үшін қиын»

09 қазан, 22:02
Кипр құрамасының шабуылшысы Фотис Популис матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді.

- Бізді қиын ойын күтіп тұр. Ойынның жасанды алаңда өтетін ескерген жөн. Қазақстанда ойнау кез келген команда үшін қиын. Алайда, біздің алға қойған мақсатымыз бар. Жеңіске жетуді көздейміз. Жақсы ойын көрсете аламыз деп үміттенемін.

- Никосияда Кипр Қазақстан құрамасын жеңе алмады. Сол нәтиже ертеңгі ойында команданы ынталандыра түсе ме?

- Ертең мүлдем басқа ойын болады. Ойында үстемдік орнатуды көздейміз. Әрине, үнемі допқа иелік ету қиынға соғады. Ұпай жинау маңызды.

Бөлісу
Жоғары