Алексей Щеткин: «Ұлттық құрамаға көмектесуге дайынмын»

Алексей Щеткин: «Ұлттық құрамаға көмектесуге дайынмын»

13 қараша, 21:13
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Сан-Марино және Шотландия құрамаларына қарсы өтетін ойындарына дайындығы туралы айтып берді: 

- Іріктеу кезеңінің соңғы ойындарына тыңғылықты дайындық жүріп жатыр. Ең алдымен алғашқы ойын Сан-Мариноға дайындалып жатырмыз. Бұл ойында міндетті түрде жеңіске жету қажет. 

- Денсаулығыңызға байланысты қазан айында Кипр және Бельгиямен өтетін ойындарға қатыса алмадыңыз. Алдағы ойындарға толық дайынсыз ба? 

- Бәрі жақсы. Ел чемпионатының екі ойынына қатыстым. Ұлттық құрамаға көмектесуге дайынмын. 

- Маусым соңында сырт алаңда екі ойын өткіземіз. Осы ойындардан не күтесіз?

- Сан-Маринода тек жеңіске жету керек. Глазгода Шотландиямен өтетін ойыннан кем дегенде бір ұпай алу қажет. Жеңіске жетуге де мүмкіндік бар.  

- Шотландия құрамасының қатарынан жарақатына байланысты «Ливерпуль» қорғаушысы Эндрю Робертсон, «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Скотт Мактомини және «Борнмут» ойыншысы Райан Фрейзер шығып қалды деген ақпарат хабарланды. Бұл жаңалық біздің құрамаға көмек болады ма? 

- Айырмашылығы жоқ деп ойлаймын. Шотландия құрамасының барлық ойыншыларының кәсіби біліктілігі жоғары. Бір футболшы жарақат алса, оны екінші жақсы футболшы алмастырады. Өз ойынымызға мән берген жөн. 

Бөлісу
Жоғары