Александр Москаленко: «Зайнутдинов жастарға үлгі болуы қажет»

Александр Москаленко: «Зайнутдинов жастарға үлгі болуы қажет»

27 желтоқсан 2019, 16:25
Қазақстан жастар құрамасының U-21 аға жаттықтырушысы Александр Москаленко Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында маусымды қорытындылап, қазақстандық футболдың мәселелеріне тоқталды.

- Қазақстан жастар құрамасы осы жылдың соңғы ойынын Македониямен өткізіп, тең түсті. Македониядан бір ұпай алдық. 

- Ойынның нәтижесі көңілден шығуы мүмкін. Алайда, өте ауыр ойын болды. Македония құрамасы біздің топта өжет ойын көрсететін командалардың бірі. Осы ойында екі команданың ойыншыларына оннан астам сары қағаз көрсетілді. Бір жағынан - нашар көрсеткіш. Екінші жағынан менің ойыншыларым оң нәтижеге қол жеткізу үшін ұмтылды. Сол себепті жасыл алаңның кез келген бөлігінде тартыс болды. Кездесу соңында футболшылардың шаршағаны байқалды. Ойын ережелері жиі бұзылды. Жанкештіліктің арқасында Скопьеден бір ұпай алдық. 

- Жылды қорытындылап өтсеңіз... 

- Барлық командалармен жақсы еуропалық футбол ойнадық. Алпауыт командаларға қарсы ойнау қиынырақ. Оларға қарсы жабық футбол ойнаймыз. Физикалық және техникалық-тактикалық жағынан ешкімге есе жібермедік. Өкінішке қарай, шабуыл мен қорғаныста бірге-бір ойында есе жібереміз. 

- Қазақстан жастар құрамасының қандай позициялары күшейтуді қажет етеді? 

- Әр позицияда бәсеке болғанын қалаймын. Ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Алайда, іріктеу кезеңінде проблемалар болды. 1998-2001 жылы туған жақсы ойыншылар бар. Футболшылар іріктеу ойындарында деңгейлерін дәлелдей түсті.   

- Жас футболшыларға айтарыңыз?

- Әр ойыншы жеке шеберлігін арттырып, психология және тактика тұрғысынан қосу қажет. Премьер-лига командаларының негізгі құрамына ілігуі тиіс. Шетелдің чемпионаттарына ұмтылу қажет. Зайнутдинов - тамаша үлгі. Ол жастар құрамасында ойнай алады. Алайда, таланты мен ықыласының арқасында Қазақстан Ұлттық құрамасының жетекші ойыншыларының біріне айналды. 

- Қазақстан жастар құрамасынан еуропалық футболды ойнауды талап етесіз. Еуропалық футбол деген не? 

- Жылдам футбол. Премьер-лига мен Еуропа чемпионаттарының жылдамдығын салыстыру қиын. Еуропа чемпионаттарында шешім қабылдау жылдамдығы өте жоғары. Еуропа елдерінде өтетін турнирлерге жиі қатысу қажет. Жылдамдық пен ойын үрдісін игеру міндет. 

- Акмаль Бақтияров - сыртта доп тебетін футболшылардың бірі. «Сочи» командасының негізгі құраманың ойыншысы емес. Алайда, үнемі жаттығу жүргізеді. Оның ойынында прогресс бар ма?

- «Сочидің» деңгейі біздің командалардан жоғары екені анық. Бақтияров - жақсы футболшы. Алайда, ол толық ойын өткізуге дайын емес. Ойын ырғағы жетіспейді. 

Бөлісу
Жоғары