Кака: «Команда қиын жағдайдан шығудың жолын тапты»

Кака: «Команда қиын жағдайдан шығудың жолын тапты»

06 ақпан, 14:53
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Кака команданың 2020 жылғы Әлем Чемпионатына шығуына байланысты пікір білдірді:

- Ойындар өте ауыр болды. Эмоция басылмады. Соңғы ойын керемет болды. Команда қиын жағдайдан шығудың жолын тапты. Бірлік пен мінездің арқасында жеңіске жеттік. Ойыншыларға жеке алғысымды айтамын. Соңына дейін қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысым шексіз. Ойынға келген қазақстандықтардың қолдауын да сездік. Қазақстан Футбол федерациясы дайындық үшін қолайлы жағдай жасады. Баршаңызға рахмет!

Бөлісу
Жоғары