Асхат Қадырқұлов: «Аймақтар Кубогы - УЕФА Чемпиондар Лигасының баламасы»

Асхат Қадырқұлов: «Аймақтар Кубогы - УЕФА Чемпиондар Лигасының баламасы»

28 ақпан, 09:10
Бүгін кешке УЕФА Аймақтар Кубогына жолдама алған қазақстандық команда анықталады. 

Шешуші ойында Қарағанды облысының «Гефест» және Алматы облысының «БН-Қаскелең» командалары кездеседі. 

«БН-Қаскелең» командасының жаттықтырушылар штабына Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Асхат Қадырқұлов кіреді. Ол алматылық «Қайрат», мәскеулік ЦСКА және басқа да командалардың намысын қорғаған. 

- Аймақтар Кубогы - УЕФА Чемпиондар Лигасының баламасы. Жарыс әуесқой командалар арасында өтеді. Алайда, әр елдің жеңімпазы халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылады. Ойын өте тартысты өтеді, - деп ойлаймын дейді Асхат Қадырқұлов.

УЕФА Аймақтар Кубогы! Қазақстандық іріктеу!

«Гефест» (Саран) – «БН-Қаскелең» (Қаскелең)

28.02.2020 Қостанай «Тобыл Арена» 18:00

Бөлісу
Жоғары