«Гефест» футболшылары «Тобыл Аренада» жаттығу жасады

«Гефест» футболшылары «Тобыл Аренада» жаттығу жасады

26 ақпан, 20:30
Саран қаласының командасы 28 ақпан күні УЕФА Аймақтар Кубогының жолдамасы үшін таласады. 

Әуесқойлар арасында жүлде екі жылда бір рет ойнатылады. 2018 жылы Қарағанды облысының «Гефест» командасы чемпион атанды. Ал, өткен маусымда Алматы облысының «БН-Қасқелең» командасы топ жарды. 

Шешуші ойын 28 ақпан күні Қостанай қаласында өтеді. Саран қаласының футболшылары «Тобыл Аренада» алғашқы жаттығуын жасап үлгерді. 

Бөлісу
Жоғары