Киберфутболдан Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу жарысын аяқтады

Киберфутболдан Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу жарысын аяқтады

28 сәуір, 17:30
Киберфутболдан құрлық біріншілігінің іріктеу ойындары мәресіне жетті.

eEURO 2020 жарысының шешуші іріктеу кезеңінде турнирдің финалдық жолдамасы сарапқа салынды.

Бұл жолы Қазақстан құрамасының қарсыластары Испания, Литва, Түркяи және Дания болды.

Ойындар 20 және 27 сәуір аралығында өтті.

Алғашқы айналымның ойындары Қазақстан құрамасына табыс әкелмеді. Испания (3:6), Литва (2:5) және Дания (2:4) құрамаларынан жеңілгеннен кейін, Түркия киберфутболшыларымен 4:4 есебімен тең түсті.

Екінші айналымда біздің құрама Балтық жағалауының өкілдерінен қарымта қайтарды - 5:3. Алайда, өзге ойындарда сәтсіздікке ұшырап, қарсыластарына жол берді - Испания (1:10), Түркия (2:3) және Дания (2:6).

Шешуші кезеңінің қорытындысы бойынша eEURO 2020 финалына Испания, Дания және Түркия жолдама алды. Сонымен қатар, финалға Босния және Герцеговина, Германия, Грекии, Израиль, Италия, Люксембург, Голландия, Румыния, Сербия, Франция, Австрия, Хорватия және Черногория шықты.

Бөлісу
Жоғары