Қазақстанның әйелдер футбол клубтары Чемпиондар Лигасына қатысуға сертификат алды

Қазақстанның әйелдер футбол клубтары Чемпиондар Лигасына қатысуға сертификат алды

26 маусым 2020, 14:30
Еуропалық клубтық турнирлерге қатысушыларды сертификациядан өткізу жөнінде Қазақстан футбол федерациясы комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысы онлайн-конференция түрінде ұйымдастырылды.

Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының қатысушыларын УЕФА-ның сертификация және қаржылық FAIR PLAY ережелерін орындағанын ескере отырып, комиссия келесі шешімдер қабылдады:

1. «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент) әйелдер футбол клубына 2020-2021 жылғы әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысу туралы сертификат беру;

2. «Оқжетпес» (Көкшетау) әйелдер футбол клубына 2020-2021 жылғы әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысуға сертификат беру.

УЕФА әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасына алғаш рет біздің елден екі команда қатысады.

Қазақстандық турнир қатысушыларының санының өсуіне «БИІК-Қазығұрт» футбол клубының халықаралық рейтингте қол жеткізген көрсеткіштері себеп болды.

Биылғы маусымды «БИІК-Қазығұрт» құрлықтық турнирдің фавориттерінің бірі ретінде 1/16 финалдан бастайды.

«Оқжетпес» алғашқы маусымын жарыстың топтық іріктеу кезеңінен бастайды.

Чемпиондар лигасының осы кезеңіндегі ойындары «Оқжетпес» қыздары сырт алаңда ойнайды. Плей-офф кезеңіне өткен жағдайда елордалық «Астана Арена» стадионында ойындарды қабылдайды.

«БИІК-Қазығұрт» футбол клубы Шымкенттің «Намыс» стадионынында Чемпиондар Лигасындағы қарсыластарын қабылдайды.

Бөлісу
Жоғары