Қазақстан құрамасында өзгеріс

Қазақстан құрамасында өзгеріс

06 қазан 2020, 12:53
Михал Билек шәкірттері Ұлттар Лигасының алдағы ойындарына дайындықты бастады.

Ұлттық құраманың жиынына Бельгияның «Беерсхот» командасынан Ян Вороговский келе алмады. Өйткені, ойыншының Covid-19-ға тапсырған сынағы оң көрсеткен.

Оның орнына қостанайлық «Тобыл» қорғаушысы Дмитрий Мирошниченко шақырылды.

11 қазанда Қазақстан құрамасы өз алаңында Албанияны қабылдап, 14 қазаннан 15 қазанға қараған түні сырт алаңда Беларусьпен ойнайды.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының серіктесі

Бөлісу
Жоғары