Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы өзгерді

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы өзгерді

09 қараша, 23:35
Ұлттық құраманың бірнеше негізгі ойыншылары алдағы матчтарға қатыса алмайды.

Жарақаттарына байланысты жартылай қорғаушылар Бактиёр Зайнутдинов, Серікжан Мужиков, Думан Нәрзілдаев, сонымен қатар орталық қорғаушы Сергей Малый ұлттық құраманың қатарына келе алмады.

Денсаулықтарына байланысты алдағы ойындарға қорғаушы Темірлан Ерланов пен жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген қатыспауы мүмкін.

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан да көмекке келе алмайды. Азия Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг-сынағында тыйым салынған препарат табылған. Ол уақытша ресми ойындарға қатыспайды.

Беларусьтық «Рух» командасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев ойнамайды. Футболшының Covid-19 тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

Қосалқы тізімнен орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушылар Аслан Дарабаев пен Юрий Перцух, сонымен қатар, шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай шақырылды.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының серіктесі

Бөлісу
Жоғары