Жаңа жарыс басталады

Жаңа жарыс басталады

16 қыркүйек 2021, 11:40
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде балалар футболына байланысты ауқымды жиналыс өтті.

Жиынды өткізген ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин облыстық филалдар басшыларына 2022 жылы өтетін жарыстар мен жаңа жобалар жайлы түсіндірді. Балалар және жасөспірімдер футболын қолға алып, жаңа деңгейге көтерілу үшін қажетті ұстанымдар айтты. Тың тапсырмалар бектіліп, күн тәртібінде ауыл футболының бойына қан жүгірту мәселесі қарастырылды. Күллі Қазақстанның ауылды аймақтарын қамтитын жаңа жоба іске қосылатынын мәлімдеді.

Алқалы жиында ҚФФ Балалар және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Сергей Кенетаев балалар футболын дамытудың жаңа еуропалық әдістемелерін таныстырды. Демек, келесі жылы іске қосылатын бағдарламаларға дайындық жұмыстары қазірден бастап іс жүзіне енеді деген сөз.

Бөлісу
Жоғары