Қазақстан U-19 құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды

Қазақстан U-19 құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды

09 ақпан 2022, 19:28
Елордада өтіп жатқан жиынға 20 футболшы шақырылды.

Вахид Масудов жаттықтыратын 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 14 және 16 ақпан күндері Ереванда Армения U-19 құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімі:

Қақпашылар: Данила Карпиков («Шахтер»), Әлішер Сүлейменов («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Дамирхан Жабаев,  Әмір Тілеубеков,  Данил Блохин (барлығы - «Шахтер»), Данияр Орда («Ақтөбе»), Даврон Закиров (№8 БЖОРСМ), Әлихан Өтешев («Жеңіс»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»);

Жартылай қорғаушылар: Муроджон Халматов («Ордабасы»), Мұқағали Пангерей («Атырау»), Бауыржан Рахмет («Тараз»), Вячеслав Раскатов («Ақсу»), Нұржан Ерланұлы,  Айбек Райзо (екеуі де - №8 БЖОРСМ), Супьян Масудов («Жас Қыран»), Вадим Яковлев (клубсыз);

Шабуылшылар: Абзал Қалау («Оңтүстік академиясы»), Олжас Әділ («Астана»), Диас Испанов («Астана»);

Жаттықтырушылар штабы: Вахид Масудов – аға бапкер, Иван Азовский – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Ишутин – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Бөлісу
Жоғары