Футзалдан Қазақстан жасөспірімдері жарысты аяқтады

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдері жарысты аяқтады

18 наурыз 2022, 20:06
Финляндияда өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы соңғы ойынын өткізді.

Семен Палагутин шәкірттері үшінші ойында Босния және Герцеговина құрамасымен жолықты. Біздің құраманың капитаны Ақтілек Бауыржанұлы ойынның алғашқы минутында есеп ашты. Босния және Герцеговина құрамасы жылдам есепті теңестірді. Бірінші таймның ортасына қарай Ержан Кәрменов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бұл жолы да қарсылас қарымта голын көпке созбады. Оның үстіне Босния және Герцеговина құрамасы үзіліске дейін алға шықты - 2:3.

Екінші таймды біздің жігіттер қарқынды бастап таразы басын теңестіріп қоймай, қайтадан алға шықты. Алайда, Босния және Герцеговина құрамасының ойыншылары да табандылық танытып, кездесуде жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп - 4:5. 

Футзалдан Еуро-2022 чемпионаты. Іріктеу кезеңі. 4-топ. 

Қазақстан U-19 – Босния және Герцеговина U-19 – 4:5 (2:3)

Голдар: Бауыржанұлы 1, Кәрменов 10, Ким 22, Човрк 26 (автогол) – Човрк 2, Касало 10, 17, Тодорич 33, Крезо 40;

Ескерту: Әуезов 31, Крезо 36 – Човрк 8; 

Қазақстан U-19: Голубничий, Ипмағамбетов - Булдин, Өтегенов, Үргенішбаев, Әуезов, Сарқыт, Кәрменов, Ким, Бауыржанұлы, Бадан, Қазбеков;

Босния және Герцеговина U-19: Яшаревич, Смечанин - Радуйкович, Човрк, Тодорич, Страшевич, Боснич, Вучич, Крезо, Полярич, Касало;

Төрешілер: Чупля (Уэльс), Велла (Мальта);

18.03.2022. Янаккала, Финляндия. Делфорт Арена. 

Бөлісу
Жоғары