Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Қырғызстанмен жолдастық матч ойнайды

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Қырғызстанмен жолдастық матч ойнайды

25 наурыз 2022, 14:17
Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қырғызстан жастарымен жолдастық матч өткізеді.

Ойын 26 наурыз күні «Жас Қыран» стадионында өтеді. Басталуы – 17:00.

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Мирас Рихард («Қайрат»), Дастан Данабеков («Жетісу»), Дулат Талыспаев («Тараз»);

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Сергей Иванов, Аслан Ахмедов, Әмірали Оразбек (барлығы - «Қайрат»), Сұлтан Масудов («Мақтарал»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академия»);  

Жартылай қорғаушылар: Мирас Оматай, Рамазан Кәрімов, Әліби Мұхит (барлығы - «Қайрат»), Саламат Жұмабеков («Астана»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Мұхаммеджан Ауесхан (FC Kirkgoz, Түркия), Әмір Илахунов («Мақтарал»), Ахмат Саитов, Азамат Қалымбетов, Супьян Масудов (барлығы - «Жас Қыран»), Алмаз Абдуалиев («Екібастұз»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік» академиясы);

Шабуылшылар: Әмір Темірғали («Қайрат»), Мұқағали Пангерей («Атырау»), Вадим Тян («Жас Қыран»);

Жаттықтырушылар штабы: Вахид Масудов – аға бапкер, Иван Азовский – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Ишутин – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Бөлісу
Жоғары