Магомед Адиев – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

Магомед Адиев – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

06 мамыр 2022, 10:45
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды.

Оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.

Магомед Адиев бірнеше танымал футбол клубтарда ойнады: «Анжи», ЦСКА, «Спартак», «Терек» және қазақстандық «Жеңіс».

Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, «Ахмат», «Анжи», «Чайка» командаларын жаттықтырды.

2021 жылы қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар қарағандылық ұжымды Қазақстан Кубогының финалына шығарды.

Бөлісу
Жоғары