Ян Вороговский: «Әзербайжанмен алғашқы ойынымыз қиынға соқты»
- Осында келгендердің бәрі турнирдегі мақсатымызға жеткенімізге қарамастан ертеңгі ойында бар күшін салатын болады. Ұлттық құраманың жейдесін кигендіктен ешқандай да босаңсу болмайды. Әзербайжан - мықты команда, олармен өткізген алғашқы ойынымыз қиынға соқты, ертең де оңай болмайын деп тұр. Бірақ қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды саламыз.
- Қазақстан құрамасы топтық кезеңде мерзімінен бұрын бірінші орынды иеленді. Бұл ертең команданың шабуылға көп көңіл бөлетінін білдіре ме?
- Жігіттер ұйымдасқан түрде ойнайды. Ия, бізге ешқандай қысым болмайтыны рас. Бірақ соңына дейін күресіп, бас бапкердің осы ойынға арналған жоспарын орындауға тырысамыз. Әзербайжанның оңай қарсылас емес екенін алғашқы матчта байқадық.
- Әзербайжан Словакияны ұтып, Қазақстанға көмектескендей болып еді, бірақ сіздер Беларусьті жеңіп бірінші орынға табан тіредіңіздер...
- Әзербайжанның Словакияны жеңуі мен үшін тосынсый болмады. Команда қазір бабында тұр. "Қарабақ" секілді клубтары еурокубокте өнер көрсетуде. Біз барлық қарсыласты құрметтейміз, басқалардың да бізге құрметпен қарағанын қалаймыз.