«БИІК-Шымкент» – әйелдер арасында 2022 жылғы Қазақстан чемпионы!

«БИІК-Шымкент» – әйелдер арасында 2022 жылғы Қазақстан чемпионы!

15 қазан 2022, 16:58
Шымкенттік «БИІК» еліміздің 11 дүркін жеңімпазы атанды.

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатындағы «Ордабасы» – «Шахтер» ойынының үзілісінде марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қатысты. 

Чемпионат қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Үздік қақпашы – Оксана Железняк («БИІК-Шымкент»);

Үздік қорғаушы – Анастасия Власова («Оқжетпес»);

Үздік жартылай қорғаушы – Бибігүл Нұрышева («Томирис-Тұран»);

Үздік ойыншы – Гүлнара Габелия («БИІК-Шымкент»);

Үздік сұрмерген – Мари Жизель Нга Манга – 42 гол («Оқжетпес»).

Қазақстан футбол федерациясы шымкенттік команданы жеңімпаз атануымен құттықтайды!

Бөлісу
Жоғары