Астанада UEFA STEP білім беру семинары басталды

Астанада UEFA STEP білім беру семинары басталды

08 қараша 2022, 19:55
Елордада UEFA Assist және UEFA Academy бағдарламалары аясында Еуропа футбол қауымдастықтары одағының жетекші сарапшыларының қатысуымен футбол менеджерлеріне арналған STEP (Senior Team Executive Programme) білім беру курсы өтіп жатыр.

Семинар 11 қарашаға дейін созылады. Осы іс-шараны өткізу үшін УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі Сервет Ярдимчи арнайы келді. Білім беру процесіне Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның футбол федерацияларының өкілдері, сонымен қатар еліміздің аймақтық футбол федерациялары мен футбол клубтарының жетекшілері қатысып жатыр.

Білім беру бағдарламасы футбол қауымдастықтарының жұмысын жақсарту үшін үздік тәжірибелердің үлгісі мен басқару құралдарын қолдану жолдарын қамтиды. Онда көшбасшылық және стратегиялық жоспарлау, қаржылық және жылдам басқару, маркетинг пен коммуникация сынды басты тақырыптар талқыланады.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға УЕФА сертификаты тапсырылады.

Бөлісу
Жоғары